Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілген, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болмақ.
“265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды”, – деп мәлім етті ведомство.