×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қандаспын, қазақша үйренем, ешкімді жұмыстан шығармаймын»: жаңа министр уәдені үйіп-төкті

19.09.2023, 11:41
«Қандаспын, қазақша үйренем, ешкімді жұмыстан шығармаймын»: жаңа министр уәдені үйіп-төкті
Коллаж: Ulysmedia.kz

Таяуда ғана Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған Қанат Шарлапаев бүгін үкімет отырысында «журналистердің емтиханынан» өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистердің бірі Шарлапаевтан «бөтен елде туған екенсіз, сойылын соғып кетпейтін боларсыз» деп түйреп өтті. Қазақ тілін білу деңгейін сынады. «Командамен жұмыс істейсіз бе?» деп ашық сұрады.

«Мен қазір өзім қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет сабақ алам, мұғалім келеді, сонымен қазақша сабақ алам. Ең алдымен, мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын», - деді Қанат Шарлапаев.

Бұған дейін Шарлапаев «Бәйтерек» холдингін басқарған. Онда келген кезде қазіргі министр бірде-бір адамды лауазымнан алмағанын айтады.

«Қандай әріптестерім болды – солар қалды. Сонымен, министрлікте де солай болады. Өз вице-министрлерім ішінде ешкімді өзгертпеймін. Жұмыс білетін адамдармен бірге істеймін», - деді ол.

Десе де Шарлапаев баспасөз хатшысын ала келген. Онысын Индустрия министрлігінен Көлік министрлігіне кетіп қалған баспасөз хатшының босаған орнына жаңа министр Бәйтеректе еңбек еткен баспасөз хатшыны әкеп қойған.