×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

АЭС: Энергетика министрлігінде қай ел қанша сомаға салып беретіні жөнінде мәлімет жоқ

19.09.2023, 12:24
Фото: Ашық дереккөзден

АЭС салуда қай елдің технологиясы арзан? Қай елдікі тиімді? Бұл сұрақ бүгін үкіметтің баспасөз орталығында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек, бұған дейін ресми органдар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін 12 млрд доллар керектігін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта төрт елдің, атап айтқанда, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресейдің технологиясы қарастырылып жатыр. Осы төрт технологияның ішінде қайсысы арзан деген сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Жандос Нұрмағанбетовке қойды.

«Ведомствоаралық комиссия осы төрт елдің технологиясын қарастырған болатын. Талдау жүргізіліп, салынған станция ең алдымен, қауіпсіз болуы керек. Нақты бағасын шығару үшін біріншіден, құрылыс жерін белгілеу керек. Егер ұсынылып жатқан Балқаш көлі болса, онда сол жердегі орын бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Соның нәтижесінде белгіленеді. Қазір қай технология қаншаға салып беретіні турасында мәлімет жоқ”, – дейді Нұрмағанбетов.

Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жөнінде жария тыңдауға барып қайтқан еді. Үлкен ауылындағы көптен күткен үлкен жиынға жобаға қатысты компания өкілдері, Энергетика министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, жан-жақтан белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Жиналғандар екіге бөлініп, жанжалдасып қала жаздаған болатын.

Серіктес жаңалықтары