×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

СҚО-да төтенше жағдай режимі неге енгізілмей отыр – министр Сапаров жауап берді

19.09.2023, 16:31
СҚО-да төтенше жағдай режимі неге енгізілмей отыр – министр Сапаров жауап берді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысы фермерлерінің өтінішіне қарамастан өңірде астық жинау науқанындағы проблемаларға байланысты төтенше жағдай режимін неліктен енгізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, төтенше жағдай режимін енгізудің қажеттілігі жоқ.

"Олар үшін барлық жағдайлар жасалады, тиісті көмек көрсетіледі. Фермерлерге несиелерді, субсидиялар бойынша борыштық міндеттемелерді, дизель отынының бағасын өтеу бойынша көмек көрсетіледі", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысына “Елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұрған жоқ па?” деген сұрақ қойылды. Ол Қазақстанда  ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін азық-түлік қоры жеткілікті деп сендірді.

"Әкімдіктердің мәліметінше, астық түсімі шамамен 16 млн тонна болады, оған қоса 3 млн тонна – былтырғы қалдықтар бар, барлығы – 19 млн тонна. Яғни, біз ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеміз. Десе де, экспорттық әлеует аздап төмендейді. Бірақ біз дәстүрлі нарықтарымызды сақтаймыз", - деді Сапаров.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа басшысы нанның бағасы жыл соңына дейін көтерілмейтініне кепілдік бере алмады. Министрдің айтуынша, нанның құнына көптеген факторлар әсер етеді.

"Қазір нанның құны 92 теңгеден жоғары. Мен жаңа министр ретінде енді ғана жұмыс істей бастадым. Көптеген факторлар бар, 100% кепілдік беру қиын", – деді Сапаров.

Айта кетейік, үкімет отырысында Айдарбек Сапаров биыл дәнді дақылдардың өнімділігі төмен екенін мәлімдеді.