Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, төмендегі тұрғын үй кешендерін салушылардың қолында қажетті құжаттар жоқ:
Sky Club House ТК, Медеу ауданы;
Kairat ТК, Түрксіб ауданы;
ALATAUHOUSE ТК, Түрксіб ауданы;
Apple Park ТК, Наурызбай ауданы;
Люксембург ТК, Наурызбай ауданы;
Мұнартау ТК, Наурызбай ауданы;
Атауы жоқ Таунхаус, Наурызбай ауданы;
Бағанашыл КЖК, Бостандық ауданы
Priority ТК, клуб үйі, Медеу ауданы;
Sofia Village, таунхаус, Наурызбай ауданы;
Питтсбург ТК, Алатау ауданы;
Sky Park ТК, Медеу ауданы;
"Мечта" таунхаусы, Медеу ауданы;
Maison ТК, Медеу ауданы;
ORDA city ТК, Алатау ауданы;
Dostar Deluxe ТК, Алатау ауданы;
Верона ТК, Бостандық ауданы;
DEMEU Residence ТК, Медеу ауданы;
Auezov Apartaments ТК, Алмалы ауданы;
Tole bi Residence ТК, Алмалы ауданы;
Castle Rock МЖК, Бостандық ауданы;
Rich клуб үйі, Бостандық ауданы;
Хан ТК, Бостандық ауданы;
Graff ТК, Бостандық ауданы;
Esentai terrace клуб үйі (бұрынғы Pine Hill Residence), Медеу ауданы,
Alma Garden клуб үйі, Медеу ауданы;
Chelsea Club House клуб үйі, Медеу ауданы;
Flora ТК, Наурызбай ауданы;
Lantana ТК, Наурызбай ауданы;
Француз үйі ТК, Наурызбай ауданы.
"Сатып алушыларға салынып жатқан тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын құжаттаманы мұқият тексеруді ұсынамыз. Құжаттаманы WhatsApp анықтамалық басқару арнасы арқылы тексеруге болады: +7 705 89 66 000", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл Алматыда құрылыс нысандарын жоспардан тыс тексерулер барысында жалпы сомасы 187 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынған 956 бұзушылық анықталған.