×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Рейтинг: Қазақстанда қай қала тұрғындарының жалақысы ең төмен?

20.09.2023, 13:08
opennews.kz

Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы көлемі ең жоғары және ең төмен қалаларды атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Институт сарапшылары ұлттық статбюро дерегіне сүйене отырып, Қазақстанның 26 қаласын қамтитын 2021-2022 жылғы көрсеткіштерді салыстырып, талдау жасады.

2022 жылдың үшінші тоқсаны бойынша жалақы рейтингі мынадай (теңге):

айлық, Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде — 686 744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен — 212 136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе.

Бір таңданарлығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшы, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен — 60 697 теңге, Түркістан — 31 211 теңге).

Мамандардың түсіндіруінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптасады. Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әртүрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі. Осылайша күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығын елді мекенде «өмірдің қымбаттығын» көрсетуі мүмкін.

«Өмірдің қымбаттығын» есепке алу үшін орташа жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қанша рет сәйкес келетінін түсіну үшін қалалар бойынша күнкөріс деңгейі мен жалақыны салыстырдық. Ең көп жалақы Атырау, Сәтбаев, Жаңаөзен, Ақтау, Жезқазған және Балқаш қалаларында, сондай-ақ басқа да бірқатар моноқалаларда «өмірдің қымбаттығын» жабады. Айта кету керек, бұл қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі аз, ал халықтың көп бөлігі ресми түрде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ең аз жалақы Қызылорда қаласын қоспағанда, Қазақстанның бірқатар оңтүстік қалаларында «өмірдің қымбаттығын» жабады. Бір қызығы, Астана мен Алматы тізім көшбасшылары емес. Сондай-ақ, аутсайдер — Шымкент мегаполисі, бұл жасырын «көлеңкелі экономика» мен есепке алынбаған кірісті жанама түрде көрсетуі мүмкін» дейді институт маманы Азамат Сәменов.

Айта кетейік, Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Шенеуніктер келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артуы нәтижесінде 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай табысы ұлғаятынына сендіріп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, жуырда мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевке депутаттық сауал жолдаған Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары