×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресей Қазақстанның валюта нарығында сауда жасауын шектеді

21.09.2023, 15:01
фото: ашық дереккөзден

Ресей үкіметі ресейлік валюта нарығында сауда жасауға рұқсат беретін елдердің, банктердің және брокерлердің тізімін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Шетелдік несие мекемелері мен достық және бейтарап елдердің брокерлеріне ресейлік валюта нарығында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында сауда жасауға рұқсат етіледі. Осындай мемлекеттердің тізімін бекіту туралы бұйрыққа Үкімет төрағасы Михаил Мишустин қол қойды", - делінген Ресей үкіметінің мәлімдемесінде.

Бір қызығы, бұл тізімде Қазақстан жоқ. Барлығы 30-дан астам ел бар. Атап айтқанда: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Алжир, Бангладеш, Бахрейн, Бразилия, Венесуэла, Вьетнам, Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Катар, Қытай, Куба, Малайзия, Марокко, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сербия, Таиланд, Түркия, Оңтүстік Африка.

Сондай-ақ бұл нормалар "дос және бейтарап елдердің ұлттық валюталарын тікелей айырбастау тетігінің тиімділігін арттыруға және Ресей экономикасының ұлттық валютадағы есеп айырысуға сұранысын қанағаттандыру үшін рубльге тікелей баға белгілеуді қалыптастыруға бағытталғаны" атап өтілген. 

Серіктес жаңалықтары