×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан нарығындағы жаңғақтардың 94%-ы – импорт

22.09.2023, 16:55
Қазақстан нарығындағы жаңғақтардың 94%-ы – импорт
фото: ашық дереккөзден

Фундук, бадам, кешью, грек жаңғағы сияқты жаңғақтардың бағасы бір жылда 3,9% қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтарды өндіреді, былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда биылғы сәйкес уақыт аралығында өндіріс көлемі 42,1% өсті.

Осылайша, биыл 7 ай ішінде Қазақстанда 5,9 мың тонна өңделген және консервіленген жеміс пен жаңғақ өндірілді.

Дегенмен, импортталатын өнімнің үлес салмағы әлі де басым, нарықтағы өнімнің 93,9% сырттан әкелінген – 90,2 мың тонна. Алғашқы жеті ай ішінде ішкі нарықта саудаланған өнім көлемі 89,2 мың тоннаны құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4% артық.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан күріш импортын күрт өсіргені хабарланған.  2023 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде 107,8 мың тонна күріш өндірілген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз. Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті.