Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов First Heartland Securities акцияларының бәрін сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның қор биржасы мәлім етті.
"First Heartland Securities KASE-ке Ғалымжан Есеновтің қоғам акционерлеріне өздеріне тиесілі жай акциялардың әрқайсысын 51 498,00 теңгеге сату туралы ұсынысы жайлы хабарлады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Есеновке "First Heartland Securities"АҚ-ның 8 262 711 жай акциясы тиесілі екендігі нақтыланды.
Бүгінде Ғалымжан Есеновтың меншігінде First Heartland Securities акцияларының 97,9%-ы бар, қалған 2,1%-ы миноритарийлерге тиесілі.
Айта кетейік, бұған дейін Jusan Bank Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланғаны хабарланған.