Бұл сұрақ энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовке қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аққенженовтің айтуынша, Шымкент зауыты қазір АИ-95 маркалы бензинді өзінің қуатынан 50 пайыз кем өндіріп отыр.
«Қараша айында Шымкенттегі зауыт толық қуатына шығады деп ойлаймын. Сол үшін қосымша шаралар қабылданды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығы берген мәлімет бойынша қараша айының алғашқы күндері кәсіпорын толық қуатта өнідіріске кіріседі», - деді вице-министр.
Ол Атырау зауытының күрделі жөндеу жұмыстары 1 қазаннан 3 қарашаға дейін жоспарланғанын айтты.
«Қараша айында, желтоқсанда, жылдың аяғына ешқандай қосымша импортсыз жетеміз деген есеп бар», - деп сендірді Ерлан Ақкенженов.
Еске салайық, бұдан бұрын вице-министр жанармайдың ішкі нарыққа бөлінуіне Тимур Құлыбавтың қатысы бар-жоғын айтқан болатын.