×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Астанада оқушының баспалдақтан құлауы: министр жедел жәрдемнің неге ұзақ жеткенін түсіндірді

26.09.2023, 11:12
Астанада оқушының баспалдақтан құлауы: министр жедел жәрдемнің неге ұзақ жеткенін түсіндірді
фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанадағы орта мектепте болған жазатайым оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баланың ата-анасы "жедел жәрдем" бригадасы жарты сағат күтуге тура келгенін айтты. Сонымен қатар мектеп басшылығы болған оқиға фактісін бірнеше күн бойы жасырды деген шағым айтылды.

"Мұндай фактіні жасыру мүмкін емес еді. Осыған байланысты тиісті жұмыс жүргізілді. Мектеп басшысы міндеттерін тиісінше орындамағаны және зардап шеккен балаға қолдау көрсету мақсатында басқару шешімдерін қабылдау үшін тиісті ақпаратты ұсынбағаны үшін атқаратын қызметінен босатылды. Мұндай жағдайлар егер балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты болса, уақтылы көмек көрсету үшін әрдайым хабарлануы керек", - деді Тамара Дүйсенова.

Ажар Ғиният бұл арада қоңыраулардың жеделдігі санатын диспетчерлер бағалайтынын атап өтті.

"Мектептен қоңырау шалып, баланың денесі жырылып, жараланғаны, есін жоғалтпағаны хабарланған. Сондықтан жедел жәрдем шақырудың 3-ші жеделдігі бойынша жетті. Тексеру кезінде оған  бассүйек-ми жарақаты  диагнозы қойылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Жедел жәрдем шақырылған кезде хабарланған ақпаратқа байланысты жедел жәрдемнің шығуы мен келуінің нақты реттелген мерзімдері бар. Тәулігіне 10 мың қоңырауға қызмет көрсетіледі. Арнайы дайындалған адамдар отырады және кімге 20 минут ішінде баруға болатынын, кімге үш минутта жету керегін бағалайды. Диспетчер келіп түскен шағымды бағалайды. Ол кезде бала есін жоғалтпаған", - деді Ғиният.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордадағы №14 мектепте оқушы қоршауы жоқ баспалдақтан құлап, комаға түскені хабарланған.

Кейінен мектеп басшылығының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды.