×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Астанада оқушының баспалдақтан құлауы: мектеп басшылығының үстінен іс қозғалды

25.09.2023, 13:38
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Анасымен байланыстамын. Баланың жағдайы орташа ауыр, есін жоғалтпаған. Сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлердің нұсқауларын орындауда. Комаға түспеген”, – деп жазды омбудсмен.

Зәкиева оқиғаға жауаптылар жазаланатынын мәлімдеді.

“Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының сапасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр”, – деді ол.

Ал Астана қаласының білім басқармасы баспалдақтың қоршауы болмаған деген ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

«Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда баспалдақтан құлаған. Баспалдақтың қоршауы бар. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордадағы №14 мектепте оқушы қоршауы жоқ баспалдақтан құлап, комаға түскені хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары