×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстан қоржынына Азиаданың алғашқы алтыны түсті

27.09.2023, 09:29
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Қазақстандық спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты.

Еліміздің туын желбіреткен команда 350 ұпай жинады. Күміс және қола жүлде –  Қытай (348 ұпай) мен Тайланд (342 ұпай) спортшыларының еншісінде.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен 10-шы медаль. Бұған дейін ел спортшылары екі күміс және жеті қола медаль жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары