×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығына үкім шықты

27.09.2023, 15:27
gov.kz

ТЖМ департаменттерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Әскери сотының апелляциялық алқасы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шығарды.

Сотталушы мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін толық құнын заңсыз төледі және техникалық қадағалаудың оң қорытындысынсыз қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің бірін пайдалануға қабылдаған. Ол билікті теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, Антикор мәліметінше, Қызылорда облысында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Берік Стамқұловқа  үкім шықты. Стамқұлов Оразбаховтан делдал Атажанов арқылы жеткізушіні таңдау кезінде артықшылық көрсеткені және газ толтыру пункттері бойынша жобалық құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін 500 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар Стамқұлов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы ҚР ТЖМ лауазымды тұлғаларына кездесулер мен бос уақытты ұйымдастыру сылтауымен өзінің бағынысты 4 қызметкерінің 100 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иеленген. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен пара беруші Н. Оразбахов 3 жыл мерзімге, делдал А. Атажанов 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады.

Айта кетейік, бұдан бұрын ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов және Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары ұсталғаны хабарланған. 

Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді.

 

Серіктес жаңалықтары