×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

ТЖМ комитет төрағасы мен департамент басшылары ұсталды

20.07.2023, 09:54
Нұрболат Дербісов

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтарының парақорлығы әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді.

Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Бұдан басқа, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.

“Күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Жетісу облыстық ТЖД бастығы жемқорлық күдігімен ұсталған.

Серіктес жаңалықтары