×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Шетелдік вакциналар қазақстандықтар үшін ақылы болады

15.10.2021, 18:11
Шетелдік вакциналар қазақстандықтар үшін ақылы болады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар шетелдік вакцина алғаны үшін ақы төлейтін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ОКҚ алаңында журналист министрдің Facebook парақшасында 2022 жылдан бастап Қазақстанда өндірілген вакциналармен ревакцинация жүргізілетіні туралы жазылғанын айтты.

«Демек, келесі жылы қазақстандықтар ревакцинация мен жоспарлы вакцинация үшін тек QazVac пен Sputnik V вакцинасын ғана салдырады деген сөз бе?», - деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, Қазақстан клиникалық тиімділігін дәлелдей алатын өз вакцинасын шығара алады.

«Біз бұл вакцинаны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында сатып аламыз. Қалған вакциналар тұмауға қарсы вакцина сияқты нарықта коммерциялық айналымға жіберіледі. Қазір біз компаниялардың нарыққа шығуына және Қазақстан нарығына вакциналарды жеткізуге және өз қызметтерін ұсына алатынына қатысты үгіт жүргізудеміз. Шетелдік вакцинаны қосымша ақылы негізде алу мүмкін болады. Қазіргі уақытта фармацевтикалық компаниялар бұл тетіктерді пысықтап жатыр», - дейді Цой.