×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы жойылады

28.09.2023, 12:43
Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы жойылады
Freepik

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның жойылатыны туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ХҚР» ақпараттық штабының хабарлауынша, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылады. Қарабақ тұрғындарына онда қалу немесе қалмау турасында дербес шешім қабылдау ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан армиясы бастаған Таулы Қарабақтағы әскери операция бір тәуліктен астам уақытқа созылды. Сәрсенбіде армян билігі 32 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Түнде майдан маңындағы елді мекендерден мыңдаған адам эвакуацияланды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұрыс аймағында Ресей бітімгерлері қаза тапты. 

Әзербайжанның әрекеті Арменияда наразылықтар толқынын тудырды. Ел басшылығын мойындалмаған республика аумағында тұратын армяндарды қорғауға шақыру үшін мыңдаған адамдар митингке шықты.