×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтаудағы 87 млн теңгенің дәретханалары: аудит нәтижесі жарияланды

28.09.2023, 14:51
Ақтаудағы 87 млн теңгенің дәретханалары: аудит нәтижесі жарияланды
gov.kz

Ақтауда 87 млн теңгеге модульдік дәретханалар орнатудың заңдылығын тексерген ішкі мемлекеттік аудит департаменті жұмысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Ақтауда 87 млн теңгеге 5 әжетхана салынып жатқаны туралы ақпарат тараған.

Көп ұзамай Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департамент мониторинг жүргізіп, әкімдік қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқанын анықтаған. Бірақ тұрғындар оны пайдалана алмауда.

Ведомство мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған.

“Бұл факт құзырлы органның ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданатын болады”, – деген еді департаменттегілер.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ заңсыздықтарға жол бергені расталды.

“Мекеме басшысы Г.И.Серікбаевқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды”, – деп хабарлады Антикор.