Бұл туралы Германияда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазақстан санкциялық режимді ұстанатынын нақты айтты. Біз санкциялық режимді сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз және неміс тарапының санкциялық режимді айналып өтуге бағытталған ықтимал әрекеттерге қатысты қандай да бір күдігі болмауы тиіс", – деді Тоқаев.
Айта кетейік, президент ресми сапармен Германияға барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесті.
Бұдан бұрын Еурокомиссия Қазақстан және Түркия тасымалдаушыларының 22 тамызда 2021 жылы енгізілген демпингке қарсы баждарды және 2022 жылы белгіленген ресейлік компанияларға қатысты санкцияларды айналып өту ықтималдығына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеген.
Сондай-ақ, жуырда Швеция Ресеймен көршілес елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитетінің басшысы Азамат Паңбаевтың айтуынша, қазақстандық банктер ресейлік компаниялармен жұмыс істегендіктен батыстық санкцияларға ұшыраудан қорқады.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.