×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қайталама санкциялар: Қазақстан Ресейге әскери өнімдер экспорттауға тыйым салды

20.07.2023, 13:33
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қырғызстанға қатысты ықтимал қайталама санкциялар туралы ақпаратқа түсініктеме беріп, осындай мәселенің біздің елімізде де туындау мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Қырғызстанға қатысты шектеулер енгізуге дайындалып жатқаны жайлы жазғанбыз. Ақ үй қырғыз елі арқылы Ресейге санкциялық өнімдер, соның ішінде қытайлық дрондар жеткізіледі деп есептейді.

АҚШ президенті әкімшілігінің мәліметінше, Қырғызстанға қарсы санкциялар шілде айының соңына дейін енгізілуі мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда компаниялар қара тізімге енгізілетін.

Ulysmedia.kz тілшісі қазақстандық компаниялардың Ресей Федерациясына тыйым салынған тауарларды жеткізгені үшін Украинаның санкциялар тізіміне енгенін вице-министрдің есіне салды Біз Астананың да дәл осындай санкцияларға іліну қаупі бар ма деп сұрадық.

Шенеунік Қазақстан өткен жылдан бастап Ресейге әскери өнім экспорттауға тыйым салғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстан санкциялардан жалтару үшін арнайы іс-қимыл жасамайтынын, алайда Ресеймен дәстүрлі экономикалық қатынастар жүргізуді жалғастыратынын айтты.

- Біз өткен жылдан бастап Ресейге әскери мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салдық. Қос мақсаттағы тауарлар бойынша арнайы сертификаттау енгізілді. Бұдан басқа, электрондық шот-фактуралар бойынша Қазақстан арқылы немесе Қазақстаннан жеткізілетін барлық санкциялық тауарлар қадағаланады. Егер тәуекелдер болса, біз оларды көріп отырмыз – осындай өнім көлемін ұлғайтып жатқан "бір күндік компаниялар" анықталып, олардың ісін тоқтату бойынша алдын алу шараларын қабылдап жатырмыз, – деп жауап берді шенеунік.

Сондай-ақ, Айдаров МКК барлық жүйелерінде жаңа санкциялық талаптарға байланысты толықтырылатын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілгенін атап өтті.

Ол біздің елімізге Еуропалық Одақтан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан арнайы өкілдер санкциялық режимді бұзудың алдын алатын шараларды бірлесіп әзірлеу үшін түсіндіру жұмыстарымен келгенін айтты.

Сондай-ақ, вице-министрден “Қазақстанға қарсы қайталама санкциялар енгізу үшін қандай да бір алғышарттар бар ма?” деп сұрадық.

- Жоқ, соңғы пакетте мұндай жоқ. Біз Қазақстанды осы қауіпті аймаққа кіргізбеу үшін алдын ала жұмыс жасадық, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Важные истории” басылымы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен (OCCRP) және Der Spiegel неміс журналымен бірлесіп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қажетті чиптер мен дрондарды Қазақстан арқылы алуына қатысты зерттеу жариялады.

Осы жаңалыққа қатысты пікір білдірген Жамаубаев тыйым салынған тауарлар анықталса, қажетті шаралар қабылданатынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары