×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Оқушы баспалдақтан құлаған мектептің директорын жұмыстан шығару дұрыс емес - Зәуреш Батталова

29.09.2023, 15:53
Оқушы баспалдақтан құлаған мектептің директорын жұмыстан шығару дұрыс емес - Зәуреш Батталова
Ulysmedia

Бұрынғы депутат әрі Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш Батталова Астанада баспалдақтан құлаған баланың ісі жөнінде пікір білдірді. Ол осы жағдай үшін директорды мектептен шығарған дұрыс емес деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парламент Мәжілісінде Қоғамдық палатаның бірінші отырысы өтіп жатыр. Отырыста кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатайту мәселесі талқылануда. Отырыста сөз сөйлеген бұрынғы депутат әрі Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш Батталова Астанада 14 гимназияда баспалдақтан құлаған баланың оқиғасы жөнінде ойын айтты.

"Өкінішке қарай, бала мектепте таяқ жесе біз оны бірден біле қоймаймыз. Мұғалімдер мектептегі мұндай жайттарды айтқысы келмейді. Мәселен, жақында ғана мектепте бала баспалдақтан құлап кетті. Алды да мектеп директорын жұмыстан шығарып жіберді. Бұдан артығын таппаған сыңайлы. Ал проблема мүлде басқада ғой. Мектеп директоры әр баланың қолынан жетектеп, оны баспалдақтан түсіріп жүрмейді. Мұның өзі дұрыс шешім емес. Егер оның жұмысында шынында да заңсыздық болса жазалануы керек. Алайда тергеу жүргізілуі тиіс. Меніңше, біз мұндай жайттарды қоғам болып тергеуіміз керек”, – дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордадағы №14 мектепте оқушы қоршауы жоқ баспалдақтан құлап, комаға түскені хабарланған.

Кейін мектеп басшылығының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды.