Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ел спортшылары каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.
Жапониялық және ирандық ескекшілер екінші және үшінші орынға табан тіреді.
Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші алтын.
Айта кетейік, бұдан бұрын Мария Боровкова мен Руфина Искакова байдарка мен каноэ есуден күміс медальға қол жеткізген.