×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Әке-шеше, бауырымды қамаса, қалай тыныш отырамыз»: қазақ қызы Қытайда көрген қорлығын айтты

04.10.2023, 08:31
видеодан кадр

Жазира Әсенқызы атты қандас Қазақстан мен Қытай арасындағы көші-қон саласында ақпарат алмасу жөніндегі өзара келісімге қарсы пікірін айтты. Қытайдан көшіп келген қандас өзі Қытайда лагерьде болғанын, көрген-білгенін айтты. Оның видеосын Жанболат Мамай онлайн парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған еді. Келісімді ратификациясы Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласында құзыретті органдар арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Келісім Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды көздейді.

«2017 жылы маусымның 3-нен бастап 2018 жылдың желтоқсанның 25-не дейін бір жарым жыл Алтай аймағы, Жеменей ауданында жазықсыз лагерьге қамалдым. Ешқандай себепсіз, кінәсіз. Арғы жағында тағы үйқамақта болдым. Артынша өзімнің тарихи отаныма оралдым. Әрбір азамат өзінің қалаған еліне барып тұруға және қалаған еліне барып қыдыруға, қаласа өзінің туған отанына оралуға құқылы», - дейді Жазира Әсенқызы.

Қандастың айтуынша, Қытай сауда министрлігінің халықаралық сауда және экономика институтының өкілі «Қытай мен Қазақстандағы екіжүзділермен күреседі» деген тақырыпта шағын мақала жазған. Қазақстандағы «екіжүзді халық» деген не? Жазира Әсеннің сөзінше, Қытайдағы қандастардың тарихи отанына оралуға тырысқандары қиындықпен бетпе-бет келген. 

«Тарихи отанымызға келгеннен кейін біз ол елді жамандамас едік. Бірақ біздің қандастарымызды қидай сыпырып, кәсіппен тәрбиелеу орталығы деп, лагерьге қамады. Біреуі нағашымыз, біреуі әпекеміз, бірі әке, шеше, бауырымыз қамалып жатса, біз мына жақта Қытайды жамандамай, қазақ ұлтына жасаған әрекетін әшкерелемей қалай отырамыз?
Біз Қытай лагерінде жатқан кезде олар бізге ашық айтты. Ол кезде бізді олардың лагерьден босатамыз деген ойы мүлде болған жоқ. Бізді өмір бойы қытай лагерінде ұстаймыз деген ой болды. Кейін Алла қолдап, артымызда Қазақстан деген арқалы еліміз, жоқтаушымыз болып, сыртқы Еуропа елдерінен қысым түскеннен кейін амалсыздан бізді қоя берді. Бізді Қытай өмір бойы шығармаймыз деген ойда болып жүрген кезде бізге «қазақтар сендер Қазақстанға бекер кетіп жатырсыңдар, Қазақстан ары кетсе, 5 немесе 10 жылда бізге бодан болады, Қазақстан қазірге дейін тісшұқығыш, тырнақалғышқа дейін бізге тәуелді, өзі өндіре алмайды» деді. Бізге экран арқылы осынша тауардың осынша пайызы, банктегі қаржының осынша пайызы бізге тәуелді деп көрсетті. Есімде қалса, 60-тан жоғары пайызды көрсетіп тұрды. «Қазақстан бізге бодан болған кезде біз өзімізден кеткен қазақтар мен бізге мойынсұнбаған жергілікті қазақтарды Қазақстан топырағында саяси лагерь жасап, былайша айтқанда кәсіппен тәрбиелеу орталығына салып, қамаймыз» деген. Ал бүгінгі мына келісімшарт соған әкеле жатыр», - дейді ол.

Жазира Әсенқызы бірлескен мемлекеттердің жалпыға ортақ заңында әр адам өз келісімінсіз өзінің және туыстарының ақпаратын өзге елге таратуға қақы жоқ екенін, ал осыған екі мемлекет қол қойып, соған қайшы келіп отырғанын айтады. Ата заңның бірінші тармағында мемлекеттің негізгі байлығы – адам және оның құқықтары делінгенін еске салады. «Біздің мемлекетіміз қазір өз заңына өзі кереғар келіп отыр» дейді ол.

Серіктес жаңалықтары