×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін

04.10.2023, 11:28
Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Қытай мен Түркіменстан Қазақстанға мұнай өнімдерінің әлеуетті жеткізушілері болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Еуразиялық одақ аумағында мұнай өнімдерін әлеуетті жеткізушілердің қатарында Түркіменстан және Қытай Халық Республикасының мұнай өңдеу зауыттары бар. Бұл процесс жұмыс тәртібімен жүріп жатыр", - деді Сатқалиев сәрсенбіде Астанада Ресейден басқа Қазақстанның әлеуетті импорттаушылары туралы.

Ол Еуразиялық одақ аумағына мұнай өнімдерін импорттауға байланысты белгілі бір ережелер бар екенін атап өтті.

"Біздің аумаққа мұнай өнімдерін жеткізетін зауыттар Еуразиялық комиссияның талабына сәйкес сертификатталуы тиіс. Зауыттардың бір бөлігі, менің білуімше, сертификатталуға ниет білдірді", - деді ол.

Айта кетейік, Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, МАЭК-тегі апат және мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуына байланысты елімізде мұнай өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Жоспар бойынша Қазақстанда биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс еді. Алайда, министрдің сөзінше, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары басталып, жанармай өндірісі тоқтатылды.