×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда бензин қымбаттай ма

04.10.2023, 13:16
Қазақстанда бензин қымбаттай ма
TASS

Бұл сұраққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр Ресейден жеткізілетін жанармай қымбаттаса, ішкі нарықта баға өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Импорттық отынның қымбаттау ықтималдығына байланысты тәуекел бар. Ол ішкі нарықтағы бағаға пропорциональды ықпал етеді. Біз әзірше қалыптастырылған қорды ескере отырып, Қазақстанда өндірілген өнімге арқа сүйейміз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол Ресейде баға өсуі ықтималдығын қоспағанда елде бензиннің қымбаттауына алғышарт жоқ екенін айтты.

«Қазақстанда сұраныс пен тұтыну көлемі теңгерімді. Мұнай өнімдерінің қажетті қоры жасақталған. Шамамен 1 айға жететін дизель отыны, 25 күнге жеткілікті АИ-92 және АИ-95 бензині бар. Бұған қоса, мұнай өнімдерінің аталған түрлерінің өндірісін қоссақ, онда тапшылық болмайды», - деп сендірді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтқалиев Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары басталып, жанармай өндірісі тоқтатылды.