×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

+28 градус: синоптиктер қай өңірлерде күн ыситынын айтты

04.10.2023, 13:49
фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2023 жылғы 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

"Елдің солтүстігінде күндіз +15+23 градусқа дейін, оңтүстікте +20+28 градусқа дейін жылы болады", – дейді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Серіктес жаңалықтары