×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстандық шенділердің шетелге сапары неге жиілеп кетті – вице-министрдің жауабы

05.10.2023, 13:21
Қазақстандық шенділердің шетелге сапары неге жиілеп кетті – вице-министрдің жауабы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ел басшылығы мен түрлі дәрежедегі шенеуніктердің шетелге қандай мақсатта жиі баратынын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарында тілшілер Бақаевтан елдегі ішкі мәселелер шешімін таппай отырған кезде қазақстандық шенеуніктердің шетелге сапарларының жиілеу себебін сұрады. 

Министрдің орынбасары сыртқы саясат – дипломаттардың күнделікті жұмысының және жалпы ҚР саясатының маңызды аспектісі екенін атап өтті.

"Егер біз инвестициялық блок туралы айтатын болсақ, онда бұл бағытта жұмыс істеу үшін – шетелге шығу, келіссөздер жүргізу, әлеуетті инвесторлармен кездесу қажет. Бұл бағыт өте маңызды. Біз ашық экономикамыз", –  деді ол.

Мұндай сапарлар, атап айтқанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарлары кезінде не шешіліп жатқаны туралы сұраққа Бақаев бұл жайлы ұйымдастырушылардан сұраған дұрыс деп жауап берді.

"Менің ойымша, кез келген сапардың белгілі бір мақсаты бар. СІМ бойынша айтсам, біз мүше болып отырған бірқатар ұйымдар бойынша міндеттер бар және біз оларды табысты атқарып жатырмыз", - деп қорытындылады Әлібек Бақаев.