×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Желідегі шудан кейін «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа қайта шықты

06.10.2023, 15:07
әлеуметтік желіден

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімі тағы бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді», – делінген хабарламада.

Телерадиокорпорация келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүргенін еске салды. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған.

Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желіде қазақстандықтар ел кинотеатрларында "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі тоқтатылғанына наразылық білдіріп, туындыны прокаттан алу туралы тапсырманы кім беруі мүмкін екенін болжаған.

"Жаңа ғана прокаттан "Міржақып. Оян, қазақ " фильмі алынғанын білдім! Естігеніме сенбей, барлық онлайн кассаларды тексердім – расында да, жоқ екен. Мен мұндай бұйрықтардың тамыры ең жоғары кабинеттерден шыққанына сенімдімін. Тек қайсысынан екенін нақты айта алмаймын", - деді Алматы тұрғыны.

Фильм көрерменге 21 қыркүйекте жол тартқан болатын. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұсынған фильмнің сериал нұсқасы бұған дейін көпшілік көрерменнің ықыласына бөленген. Туындыда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабын жазу, басу, тарату кезі, түрмеге қамалған тұста басына түскен қиын сәттері, қызы Гүлнардың әкесін ақтау жолындағы күресі көрсетіледі. Басты рөлді актер Бақыт Қажыбаев сомдайды.

Ұлт тарихы, Алаш тақырыбында мұндай туындылар сирек жарыққа шығады. Фильм шыққалы оны әлі келгенше жарнамалап, туындыны көруге үндегендердің көптігінен тарихты түгендеуде жалпы жұрттың ынтасы зор, мүддесі ортақ екенін аңғарамыз. Жуырда Ulysmedia.kz тілшісі режиссері әрі осы туынды сценариінің авторларының бірі Мұрат Есжанмен сұхбаттасқан болатын.

 

Серіктес жаңалықтары