×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болды

07.10.2023, 16:49

Ауғанстанда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Сейсмикалық дүмпулер 272 мың адам тұратын Герат қаласынан 40 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орын алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісі Астана уақытымен 13:13-те болды. Сейсмикалық оқиғалардың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1521 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,9 және магнитудасы MPV 6,4, тереңдігі 10 шақырым болды. Елеулі әсердің болғаны хабарланбаған.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерді бұзуды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары