2021 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл аймақта»: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.