Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкімет мәліметінше, гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.
Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.
Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан екі мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 мыңнан астам адам қаза тапқаны хабарланған.