×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ЭЫДҰ елдерінен 2 есе көп: қазақстандықтар өз денсаулығына қанша қаржы жұмсайды

09.10.2023, 12:07
ЭЫДҰ елдерінен 2 есе көп: қазақстандықтар өз денсаулығына қанша қаржы жұмсайды
Getty Images

Қазақстандықтардың денсаулыққа жұмсайтын шығындары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері тұрғындарының шығындарынан 2 есе көп. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің дерегінше, дамыған елдерде, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтаудың қазіргі шығындары жалпы ішкі өнімнің шамамен 10,2 пайызын құрайды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы экономикасы дамушы елдерде медицина жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздан 8 пайызға дейінгі көлемін жұмсауды ұсынды», - деді А. Ғиният.

Ведомство басшысы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтауға арналған қалта шығындары жалпы шығындардың орта есеппен 16,9 пайызын құрайтынын атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспауы тиіс.

«Ал Қазақстанда оның көлемі 31,1 пайыз шамасында. Әлем елдердегі жарналар мен аударымдар да түрлі деңгейде. Бұл тұрғыда біздегі жарналар ең төмен саналады, яғни 5 пайызды құрайды», - деді министр.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынап, оған «реформа сəтті іске аспады» деп баға берді.