×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлер тағы қымбаттады

09.10.2023, 14:41
Қазақстанда жаңа тұрғын үйлер тағы қымбаттады
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің бағасы 2023 жылдың қыркүйегінде тамызбен салыстырғанда 1,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

"Қыркүйек айында 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы шаршы мерті үшін 493 705 теңгеге дейін өсті", - делінген хабарламада.

Ал пәтерлерді қайта сатудың орташа бағасы 0,1%-ға өсіп, 1 шаршы метрдің құны 485 928 теңгеге жетті, ал абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 2,4%-ға – шаршы метрі үшін 4 715 теңгеге дейін арзандады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның үш қаласында жаңа тұрғын үйлер күрт қымбаттағаны хабарланған. Атап айтқанда, жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда 18%, Семейде 16%, Павлодарда 15,5% қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары.