×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі 8 жылға сотталып кетті

10.10.2023, 18:02
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы әрі Ақтөбе облысының бұрынғы әкіміне үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ермек Имантаевқа қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлау) айып тағылып, іс сотта қаралған. Сотта Имантаевтың Ақтөбе ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 га жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқаны анықталған.

“Сотталушы жердің нарықтық құнын қасақана 20 млн теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат ұсынып, төлемнің жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушы С.-пен заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған. Әрі қарай, жер учаскесі жалған тұлға С.-қа қайта рәсімделіп, жердің нысаналы мақсаты «жеке тұрғын үй құрылысынан»  «көпқабатты тұрғын үй құрылысына» өзгертілді. Жалған тұлға С.-пен жердің 17,2 га көлеміндегі бөлігі Батыс-3 мөлтек ауданындағы 4 жер учаскесіне кейін тұрғын үй салушыларына сату үшін айырбасталған”, – деп хабарлайды Ақтөбе соты.

Имантаевтың тапсырмасымен жалған тұлға С. жоғарыда аталған Батыс-3 мөлтек ауданындағы 3 учаскесі және «Садовое» тұрғын үй алабындағы қалған 2,3 га көлеміндегі жер учаскесі үшінші тұлға К.-ге қайта рәсімделген. Жер учаскесін заңсыз сатқан Е.Имантаев АҚ тұлғасы ретінде мемлекетке 199,4 млн теңге сомасына аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталған. Прокурор соттан Е.Имантаевқа мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы Имантаев өзіне тағылған айыппен келіспеген.

Соттың үкімімен Ермек Имантаев кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қанағаттандырылып, сотталғаннан мемлекет пайдасына 199,4 млн теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары