×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

АҚШ-та вакцина салдырмаған әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады

17.10.2021, 15:53
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-та коронавирусқа қарсы егілмеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

АҚШ-та 28 қарашаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина алмаған әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады. Әскери-теңіз күштерінің резервінде тұрғандар да вакцина алуға міндетті. Олар үшін соңғы мерзім — 28 желтоқсан. Қазіргі уақытта Америка қорғаныс ведомствосының мәліметінше, әскери-теңіз күштерінің 94% COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өтті.

Италияда жұмыс орындарына кіру үшін міндетті COVID-сертификаттары қолданыла бастады. Green pass электрондық сертификаттарын енгізу туралы шешім бір ай бұрын мақұлданды. Италияда азаматтардың 80,8% коронавирусқа қарсы толығымен егілді, ал тұрғындардың 85% астамы вакцинаның бір дозасын алды.

Серіктес жаңалықтары