×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әуе тасымалы: Қазақстан нарығына жаңа компания келеді

11.10.2023, 15:53
Әуе тасымалы: Қазақстан нарығына жаңа компания келеді
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның әуе тасымалы нарығы жаңа компаниямен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті. Оның айтуынша, Qazaq Air компаниясын сату жоспарланып отыр.

«Біз бірнеше компанияға ұсындық. Оның ішінде Въетнамның «Sovico» деген әуе компаниясы бар. Аталған әуе компаниясымен жұмыс істеп жатырмыз. Олар біздің ішкі нарықты зерттеп жатыр. «Виджет» деген компания бар. Ол елімізде ұшып жүр. Ол – лоукостер. Олардың ұшақтары өте көп. Соны да тартамыз деген ой бар», - деді министр.

Қарабаев мәселе әлі шешілмегенін, сондықтан ел нарығына қандай компания келетінін тап басып айту ерте екенін жеткізді.

Еске салайық, тамызда Qazaq Air әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылғаны хабарланған.