×
$
455.63
€
507.89
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.63
€
507.89
₽
5.65

Астанада ауа райының қолайсыздығынан қала маңындағы автобустар тоқтап қалды

10.11.2024, 13:03
Астанада ауа райының қолайсыздығынан қала маңындағы автобустар тоқтап қалды
Ашық дереккөзден

Астанада ауа райына байланысты қалаға қатынайтын екі автобус уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік холдингі №317 және 329 автобустарының қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қала маңындағы №317, 329 маршруттарының қызметі уақытша тоқтатылды», деп хабарлады CTS.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі, кей аймақтарда тұман түседі деп дауылды ескерту жарияланған болатын.