×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«АрселорМиттал Теміртаудағы» кезекті заңсыздықтар: компанияға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

12.10.2023, 13:22
«АрселорМиттал Теміртаудағы» кезекті заңсыздықтар: компанияға 5,5 млн теңге айыппұл салынды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тексеру Теміртау кәсіпкерлерінің ұжымдық өтінішінен кейін жүргізілгені хабарланды. 

Нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажыратқаны анықталған.

«Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 (бес миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетсек, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты. Полиция ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жуырда төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттің себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі екенін мәлімдеген.

Бұдан бұрын Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуына қатысты түсініктеме берді.