×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

"Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз": министр "АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуы жайлы

19.09.2023, 11:29
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" меншік иесінің ауысуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрге шетелдік инвестордың активі өзгенің меншігіне қандай заңды және құқықтық негізде берілетіні туралы сұрақ қойылды.

"Қазақстан халықаралық инвесторлардың құқықтарын құрметтейді, ешкімнен ештеңе алмайды. Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы бар. Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар осыны ұстануы керек. Қазақстанда ешкім шетелдік инвестордың меншігін тартып ала алмайды. Біз инвесторлардың ҚР талаптарын сақтауын талап етеміз. Бірақ ешқандай тәркілеу туралы әңгіме жоқ", - деді министр.

Ол заңнамалық механизм бойынша шетелдік инвестор нарықтан кету туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.

"Егер шетелдік инвестор Қазақстан нарығынан кету туралы шешім қабылдаса, онда ол басқа инвестормен немесе мемлекетпен сатып алу-сату шартын жасасады. Ал "тартып алады" деген әңгіме Қазақстанда айтылмайды деп үміттенемін. Бұл инвестициялық климат үшін үлкен соққы болады. Егер акционерлер ауысатын болса, ол азаматтық кодекс шеңберінде өтеді. Біреуден бірдеңе тартып алу туралы сөзді доғарайық. Шарттық-құқықтық қатынастар бар, олардың аясында шетелдік инвесторлармен жұмыс істейтін боламыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттің себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі екенін мәлімдеген.

Еске салсақ, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жерасты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жерасты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары