Өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның апталық өсуі соңғы рет 4 ай бұрын – 30 мамыр мен 6 маусым аралығында тіркелді.
Жекелеген өнімдердің ішінде жұмыртқа ең көп қымбаттаған, оның бағасы 1,3%-ға өскен.
Ал көкөністер, атап айтқанда, пияз, сәбіз және картоп арзандаған.
Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.
Жуырда еліміздің 13 облысында ұн бағасы шарықтады.
Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.
Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.