×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады

06.10.2023, 09:41
фото: ашық дереккөзден

Үкімет қыркүйек айының ортасында астық нарығында бірқатар факторлар өзгерістер тудырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір ішкі нарықта ұн өнімдерінің қымбаттау қаупі бар.

Қыркүйек айының ортасында астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасының өсуі байқалады. Бағаның өсуіне бірнеше факторлар себеп болды: күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі. 

"Бидайдың қымбаттауы нәтижесінде 13 өңірде ұн бағасы өсті", — деді Сауда комитетінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Арзандатылған астықты өңірлерге жедел жеткізу және оны өңірлердегі ұн өндіруші операторларға беру үшін шұғыл шаралар әзірленді. Бірақ түрлі себептерге байланысты процесс ұзаққа созылды және бүгінгі таңда тек Түркістан облысына арзандатылған астық толық жеткізілді. Серік Жұманғарин барлық өңірде бұл мәселені жедел пысықтап, шешуді тапсырды.

Ведомство ұн бағасының өсуі Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелгенін атап өтті.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары