×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев Бауыржан Байбектің әйелін жұмыстан шығарды

12.10.2023, 14:13
Тоқаев Бауыржан Байбектің әйелін жұмыстан шығарды
фото: ашық дереккөзден

Судья қызметінен босату туралы тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президенттің ресми жарлығы Қазақстанның Жоғарғы сотында жариялады. Онда судья лауазымына тағайындалған, сондай-ақ  босатылған адамдар көрсетілген.

Үш судья өз қызметінен айырылды, олардың арасында Жанар Байбек те бар. Судьялардың өз қалауы бойынша жұмыстан кеткені нақтыланды.

Айта кетейік, Жанар Байбек Астана судьясы қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын.

Бұдан бұрын елордада Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шыққан. Оған заңсыз құрылыс және қажетті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айып тағылды.

Сотта Қыдырғали Байбектің құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы ескертусіз "Әулие" ТК-дегі тұрғын емес үй-жайға жеке кіру үшін есік ойығын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізгені анықталды. Нәтижесінде үй тұрғындары бұл әрекеттерге шағымданды. Жоспардан тыс тексеру жүргізілді, есік пен қосымша құрылыс шынымен заңсыз орнатылғаны белгілі болды. Сот жауапкерді кінәлі деп тауып, 51 750 теңге айыппұл салды.

Соңғы ақпарат бойынша Бауыржан Байбектің өзі Кипрде жүр.

Ақпан айында Алматының экс-әкімі Германиядағы Любек Колизейінде пианист Эвелинда Тренкнердің бюстінің ашылу салтанатында төбе көрсетті.