×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тұрғындардан кешірім сұраймыз – Мусин Астана мен Алматыда интернеттің жиі үзілуі жайлы

13.10.2023, 14:52
Тұрғындардан кешірім сұраймыз – Мусин Астана мен Алматыда интернеттің жиі үзілуі жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанда интернет жұмысында неліктен ақау көбін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Digital Bridge форумында өткен брифингте БАҚ өкілдері министрден ауыл-аймақтарды былай қойғанда, Алматы мен Астананың өзінде интернет сапасы көңіл көншітпейтінін айтып, мұның себебін сұрады. 

"Қазір 5G технологиясы мен базалық станциялар жаппай орнатылып және көшіп жатыр. Олар экспортталады немесе импортталады, процесс жүріп жатыр. Әрине, процесс кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл – осы қызметтерді орнату және конфигурациялау кезіндегі технологиялар. Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Дегенмен,  уақытша құбылыс. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматыдағы жағдайды түзетеміз деп сендірді", - деп түйіндеді министр Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс орталықтарын 5G технологиясымен қамтуды мерзімінен бұрын аяқтау туралы тапсырмасы қалай орындалатынын айтты.

Сондай-ақ, министр SpaceX компаниясы жасақтаған Starline спутниктік жүйесі Қазақстандағы 2 мың ауылдық мектепті интернетке қосуға көмектесетінін мәлімдеді. Ол жарты жыл ішінде Қазақстанның барлық оқушылары цифрлық игіліктерді еркін пайдалана алады деп сендірді.