×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматыда туристер мен тұрғындар тауға шықпағаны дұрыс - Қазгидромет

14.10.2023, 09:52
Алматыда туристер мен тұрғындар тауға шықпағаны дұрыс - Қазгидромет
МК

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы іргесіндегі таулы аймақтарда серуендеуді бірнеше күнге кейінге қалдырған дұрыс деп мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 13-14 қазан аралығында Алматыға іргелес таулы аудандарда жаңбыр жауады, кей жерлерінде қатты нөсер болады, бұл сел ағынына және өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2021 жылғы 7 мамырдағы ескертуіне сәйкес, алматылықтар мен туристерге ауа райының қолайсыздығына байланысты жақын күндері таулы аймақтарға серуендеуге шықпауға кеңес беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазды.

13 қазан күні кешке қарай жергілікті тұрғындар Медеуге қар түскені мәлімдеді. Жауын-шашын аз болғанымен, алматылықтар қыстың жақындағанын сезе бастады.

Күннің басында синоптиктер Алматыда жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжағанымен, кешке қарай Медеуде жаңбыр жауып, кейін ол қарға айналды.