Әлеуметтік желіде Израильге ХАМАС әскерінің шабуылынан кейін жоғалған және қаза тапқан шетел азаматтарының саны көрсетілген инфографика тарады. Оның ішінде “Қазақстаннан 1 адам жоғалған” деп көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде тараған жазбаға қатысты журналистер ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа шыққан болатын.
“Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, Израиль биліктері кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады”, – деп мәлімдеді ведомстводан.
Айта кетейік, 13 қазан күні жарияланған кестеде барлығы 143 шетелдік көз жұмғаны жазылған.