Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.