×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атауы боғауыз сөзбен ашылған компанияны Әділет министрлігі бірден жауып тастады

16.10.2023, 13:10
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда қазір кез келген адам кез келген атаумен компания аша бере алатын мүмкіндік бар. Осыған Әділет министрлігі шектеу қойғалы отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таяуда әлеуметтік желіде “Пидрильный клуб любителей пощекотать очко” атауымен компания ашқан. Әлеуметтік желіде бұл атау қызу талқыланып, Әділет министрінің де құлағына жеткен.

– Иә, хабардармыз. Біз бірден әрекет еттік. Жарты күннің ішінде тиісті аймақтың департаменті сотқа жүгініп, кәсіпорынды жауып тастады. Біз мұның себептерін де анықтадық. Заңды тұлғаларды құру туралы заңнаманы жеңілдеткен кезде аздаған ақшамен онлайн форматта компания ашуға мүмкіндік ұсынылған екен. Сіз компанияны қалай атасаңыз да, Әділет департаменті оны тексермейді. Компанияны білуімше, КЕАҚ немесе Азаматтарға арналған үкімет арқылы тіркеуге болады. Міне, бұл жеңілдік бұл іс жүзінде біздің менталитетімізге де, мәдениетімізге де сәйкес келмейтін кәсіпорынның пайда болуына апарып соқты. Біз бірден шара қабылдап, оны жауып тастадық, – дейді Есқараев бүгін Астанада өткізген баспасөз мәслихатында.

Яғни кез келген азамат кез келген атаумен компания аша ала ма? Бұл сұраққа министр “иә” деп жауап бере келе, “қазір заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесі пысықталып жатқанын” атап өтеді. Аталған компанияның қандай мақсатта тіркелгенінен министр хабарсыз. Ал заң бойынша мұндай тентектікке барған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деген сұраққа министр былай деп жауап берді.

– Өкінішке қарай, заңнама бұл тұрғыда нақты тыйым салуды көздейді деп айта алмаймын. Бірақ, әрине, мен неге бұл мәселені, біріншіден, мемлекеттерді, кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды құру мәселесін бақылауды күшейту үшін пысықтап жатқанымызды айттым. Екіншіден, жауапкершілік мәселесін шынымен қарастыру қажет. Мүмкін, адам шынымен әзіл-қалжыңға осындай заңды тұлғаны құруға бастамашы болған шығар. Менің түсінуімше, қоғам бұл идеяны қатты ұнатпаған сыңайлы, – дейді Есқараев.

Серіктес жаңалықтары