×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астанада күдіктілерді азаптаған 4 полицейге үкім шықты

16.10.2023, 16:26
Астанада күдіктілерді азаптаған 4 полицейге үкім шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Кінәсін мойындату мақсатында күдіктілерді азаптаған елордалық полицейлерге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы сотының мәліметінше, сотталған төрт полицей мүліктік қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестірумен айналысқан. 

"Т., Ә., Ж. және М. полиция қызметкерлері бола отырып және мүліктік қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізумен айналыса отырып, алдын-

ала сөз байласып, ұялы телефондарды ұрлау туралы мәліметтерді немесе мойындау айғақтарын алу және қорқыту мақсатында, қалта ұрлығын жасады деп күдіктелген төрт адамға қатысты бірнеше рет күш қолдану арқылы психикалық зардап келтірген", – деп жазылған іс материалдарында.

Прокурор Т., Ә., М-ны мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, әрқайсысын 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, ал Ж.-ны мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды ұсынды.

"Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың, сот-психологиялық сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді", – делінген хабарламада.

Осылайша судья Т., Ә. және М.-ны Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

"Ж. Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", – делінген Астана қаласы сотының хабарламасында.

Сонымен қатар сотталушылар "полиция аға сержанты" және "полиция сержанты" атақтарынан айырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп, 17 адам сотталды.

Жуырда ШҚО-да сотталғандар түрме қызметкерлерінің тегін дұрыс атамағаны үшін азапталғаны жайлы жазғанбыз.

Сондай-ақ, Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.