×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Құрылыстағы апат: Астанада 9-қабаттан құлаған үшінші альпинист көз жұмды

16.10.2023, 17:23
фото: ашық дереккөзден

Астанада құрылыс алаңында 9-қабаттан құлаған тағы бір альпинист қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1999 жылғы науқас ауыр халде көптеген ауыр ішкі жарақаттармен № 2 көпсалалы қалалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, онда барлық қажетті жедел көмек көрсетілді.

«Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан барлық емдеу кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Аталған аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір зардап шеккен альпинист жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елордада тұрғын үй кешенінің құрылысында 4 альпинист 9-қабаттан құлап, біреуі оқиға орнында қаза тапқан. 

13 қазанда екінші альпинистің көз жұмғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары