×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астанада 9-қабаттан құлаған 4 жұмысшының біреуі қаза тапты: тергеу басталды

13.10.2023, 10:11
фото: ашық дереккөзден

Елордада өндірістік альпинистер 9-қабаттан құлады: біреуі оқиға орнында қаза тапты, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қалалық полиция департаменті құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде қайтыс болды, қалған үшеуі ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер – 21 жастан 24 жасқа дейінгі жұмысшылар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электрші бағанада тірідей жанып кеткенін хабарлағанбыз. Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары